Мектеп жетістігі » №30 мектеп-гимназия
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 54-20-14
Есепші бөлімі:
+7(7262) 54-20-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
29
декабрь
2023

Мектеп жетістігі

Осы жылдың қорытындысы бойынша Шерхан Мұртаза  мектеп-гимназиясы біраз жетістіктерге қол жеткізді.
🔰Мектебімізде жалпы 135 педагог қызмет атқарады, педагогтардың сапалық құрамы–52%. Биылғы жылы біліктілікті арттыру курсынан  38 педагог өтті.
Мектеп бітірген 61 оқушының 40-ы  мемлекеттік грант жеңіп алды.
Биылғы түлектердің 6-ы “Алтын белгі”, 3-і “Үздік аттестат” иегері атанды,ҰБТ-ның орташа баллы 98,3 құрады.
🔰Математика пәнінің мұғалімі Олжас Досеке математика, физика және информатика пәндері бойынша олимпиада резервінің мұғалімдері мен жаттықтырушыларының IV Халықаралық шығармашылық байқауы (IMPACT) 2-орынмен,    математика, физика, информатика пәндері  мұғалімдеріне арналған IX Халықаралық шығармашылық байқауынан    3-орынмен,  Жамбыл облысы математика пәні мұғалімдерінің III облыстық шығармашылық  байқауынан 2-орынмен марапатталды.
🔰Тарих пәнінің мұғалімі Р.Рамазан Тараз қаласы әкімінің жастар сыйлығының "Үздік жас мұғалім" номинациясымен бас жүлдесі мен 100000 теңге  сертификатын жеңіп алды.
Құқық ісі жөніндегі   орынбасар Р. Рамазан  «Білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі үздік жас орынбасары» қалалық  байқауынан бас жүлдені  иеленді.
🔰Информатика пәні мұғалімі Адай Рахбаев облыстық «Үздік авторлық бағдарлама»  байқауынан    1-орынмен марапатталды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша  ғылыми жоба және 2-7  сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалар байқауының республикалық кезеңінде 1 оқушымыз грант иеленсе, облыстық кезеңінде 18 оқушы, қалалық кезеңінде  32 оқушы жүлделі орынды иеленді.
🔰Жалпы білім беретін пәндер бойынша  облыстық олимпиададан 4 оқушы,  қалалық кезеңінде  26 оқушы жүлделі орынды иеленді.
Математика пәнінен 10-11 сынып оқушылары арасында өткен «Алтын түлек» олимпиадасның өңірлік кезеңінен 2 оқушымыз жүлделі 2-орындарды иеленді, жетекшілері Р.Құлжаева, О.Досеке.
🔰Математика пәнінен бастауыш сынып және 5-6 сынып  оқушыларының арасындағы «Алтын сақа» олимпиадасының қалалық  кезеңінен 4 оқушы жүлделі 1,2,3-орындарды иеленді, жетекшілері Г.Құлибай, З.Тортаева, Г.Абдибекова, Р. Құлжаева.
🔰9-11 сынып оқушылары арасындағы қазақ тілі мен әдебиетінің VI «Абайтану»  олимпиадасының облыстық кезеңінен 1 оқушы 3-орынды иеленді, жетекшісі Б. Махамедова.
Жалпы білім беретін  мектептердің 10-11 сынып оқушылары және  колледж білімгерлері арасындағы республикалық VIII «Шерхан Мұртаза оқулары»  байқауының облыстық кезеңінен 1 оқушы 3-орынды иеленді, жетекшісі Б. Махамедова.
🔰Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелер басқармасының ұйымдастыруымен өткен мектепаралық «Маусымашар 2023»  жайдарман ойынында «Салтанаттың жігіттері»  жайдарман тобы жүлделі 1-орынды және 150000 теңге сертификатын иеленді, жетекшісі Р.Рамазан.
🔰Ұлттық пікірсайыс федерациясы  Жамбыл облыстық филиалының  ұйымдастыруымен өткізілген  «Болашақ жастардың қолында» атты облыстық пікірсайыс  турнирінде «Ыбырайым Жақаев» фракциясы 1-орын және «Үздік оратор» номинациясын Тәліп Айсауле иеленді, жетекшісі Р.Рамазан.
🔰Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына  орай «Терең тарихтан-жарқын болашаққа» тақырыбындағы дәстүрлі «TALAP CUP 2023»  облыстық пікірсайыс  турнирінде «Исатай Тайманұлы» фракциясы жүлделі 3-орынды және «Үздік оратор» номинациясымен «Махамбет Өтемісұлы» фракциясы иеленді, жетекшісі Р.Рамазан.
🔰«Ақжелкен» Республикалық байқауында «Хореография» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткен «Айгөлек» бишілер тобы 1-орынды иеленді, жетекшісі А. Акупова
🔰Шағын футбол бойынша 2012-2013 ж.т. арасындағы қалалық турниріне қатысып, үздік ойын көрсеткені үшін  1-орынды иеленді, жетекшісі Д. Рүстембеков.
🔰Біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру аясында мектеп-гимназияда ”Оқуға құштар мектеп”, “Жасыл мектеп”, “Қайырымдылық”, “Үнемді тұтыну”, “Тарихқа құрмет”, “Өнер және құндылықтар”, “Еңбегі адал жас өрен” жобалары өтуде,мектеп дәлізінде балалардың оқуға құштарлығын арттыру мақсатында “Ашық кітапхана” оқушы игілігіне қызмет етуде.
🔰 Республикалық “Шырқа дауысым” атты дәстүрлі ән байқауына 8 “Г”сынып білім алушысы Уалихан Нүртілеу қатысып,2-орын иегері атанды.
🔰Республикалық Ақжелен байқауында “Вокал” номинациясы бойынша үздік өнер көрсетіп жүлделі 3-орынды Кәріпжан Зейнеп иеленді.
🔰Республикалық “Мәңгі жаса-жаңғырған ұлы далам!” атты республикалық рухани патриоттық ән байқауына қатысып, айрықша қабілетімен ерекшеленген Қайрат Мирас бас жүлде дипломымен марапаталған.
🔰 Республикалық “Мәңгі жаса-жаңғырған ұлы далам!” атты республикалық рухани патриоттық ән байқауына қатысып, айрықша қабілетімен ерекшеленген Расулла Жайна I дәрежелі дипломымен марапаталған.
🔰Қалалық “Жас талант” ән байқауында ерекше өнер көрсеткен Джакаева Аяна бас жүлде иегері атанды.
🔰«Қауіпсіз мектеп» жобасына сәйкес 4 турникет орнатылып, қазіргі таңда   34  камера, оның 21-і  мектеп ішінде, 13-і  мектеп  сыртында орналасқан және орталықтандырылған жедел басқаруға қосылған.
🔰«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» енгізіліп,  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жүйелі түрде жұмыс атқаруда.  
🔰Мемлекеттің тапсырысымен биылғы оқу жылынан бастап 1-4  сыныптың 797 оқушысы, ал жалпы   966 оқушы тегін ыстық тамақпен   қамтамасыз етілді.
Аталған  жұмыстар өтіп бара жатқан жылдың   сүбелі жетістіктерінің айғағы, алдағы жылда бұдан да көлемді жетістіктерге жетеміз деген сенімдеміз.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив