21
декабрь
2017
Бастапқы, орта және жоғары кәсiби бiлiм берудi ұйымдастыру шарттары мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
Бастапқы, орта және жоғары кәсiби бiлiм берудi ұйымдастыру шарттары мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 866 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2005 жылғы 25 қаңтарда тiркелдi. Тiркеу N 3382
"Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 10-тармақшасына және 17-бабының 1) және 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлiп отырған "Бастапқы, орта және жоғары кәсiби бiлiм берудi ұйымдастыру шарттары мен пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесi мен нормалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мемлекеттiк санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетi (Байсеркин Б.С.) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуге Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне жiберсiн.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк департаментi (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты оның Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгенiнен кейiн ресми жариялауға жiберсiн.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрi, Бас мемлекеттiк санитарлық дәрiгерi А.А.Белоногқа жүктелсiн.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Министрдiң мiндетiн
атқарушы
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрiнiң
мiндетiн атқарушы
2005 жыл 15 желтоқсандағы
N 866 бұйрығымен бекiтiлген
"Бастауыш кәсiби, орта кәсiби, жоғарғы кәсiби бiлiм
беретiн ұйымдарды күтiп ұстауға және пайдалануға
қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар"
туралы санитарлық-эпидемиологиялық
ережелер мен нормалар
1. Жалпы ережелер
1. "Бастауыш кәсiби, орта кәсiби, жоғарғы кәсiби бiлiм беретiн ұйымдарды күтiп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар (бұдан әрi - санитарлық ереже) барлық меншiк нысанына қарамастан кәсiби бiлiм беретiн ұйымдарға арналған.
2. Бастауыш кәсiби бiлiм беретiн, орта кәсiби бiлiм беретiн және жоғарғы кәсiби бiлiм беретiн ұйымдардың басшылары осы санитарлық ереженiң талаптарының сақталуын қамтамасыз етедi.
3. Осы санитарлық ережеде мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылды:
1) оқу орындары - бастауыш кәсiби бiлiм беретiн, орта кәсiби бiлiм беретiн, жоғарғы кәсiби бiлiм беретiн ұйымдар;
2) сабақ өткiзудiң академиялық сағаты (оқу сағаты) - сабақ басталғаннан үзiлiске дейiн созылатын сабақтың және лекциялардың ұзақтығы бастауыш кәсiптiк, орта кәсiптiк бiлiм беретiн ұйымдар үшiн 45 минут, ал жоғары кәсiптiк бiлiм беретiн оқу ұйымдары үшiн 40 минуттан кем емес;
3) оқу жүктемесi - оқыту орнындағы оқитындарға берiлетiн қабылданған сабақтың бiр аптадағы сағат саны;
4) оқу жүктемесiнiң жиынтығы - факультеттi, секциялық сабақтарды және үйiрме жұмыстарын өткiзуге бөлiнген оқыту сағаттарының жиынтығы.
2. Аумақ пен учаскеге қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
4. Оқу орындарына бөлiнетiн жер учаскесiнiң мөлшерi мен орналасуы қолданыстағы құрылыс нормалары мен ережелерiнiң (бұдан әрi - ҚНмЕ) талаптарына сәйкес болуы керек.
5. Оқу орындарының жер учаскесiнде мынандай негiзгi аумақтар қараластырылуы керек: оқыту-өндiрiстiк, дене тәрбиесi - спорттық және әскерi дайындық, дем алу, тұрғын (жатақхана, сауда, қоғамдық тамақтандыру мен тұрмыстық қызмет көрсету объектiлерi), шаруашылық, автомобильдер және басқа да көлiктiк заттардың тұруына арналған ашық алаңдар. Оқыту-тәжiрибелiк аумақ бiлiм беру ұйымдарының оқыту саласына байланысты бөлiнедi.
6. Компьютерлiк және есептеу техникаларын, оқытудың электронды техникалық құрал-жабдықтарын, бағдарламалық және ақпараттық технологияны пайдаланатын оқу орындарында өндiрiстiк оқыту аумағы бiр орынға 6 шаршы метр (бұдан әрi - м 2 ) есебiмен алынған қосымша резервтi орын қарастырады.
7. Қойма, гараж, жөндеу мастерскойларын және басқа да қосымша үй-жайларды бiр блокқа бiрiктiрiп, шаруашылық аумағына орналастырады. Шаруашылық аумағы учаскенiң алыс түкпiрiнде орналасады және оқитындардың негiзгi жүрiп тұратын жолдарымен қиылыспай, көшеге кiрiп-шығатын жеке жол болу қажет.
8. Спортқа арналған аумақ, спорт залға жақын жерде орналасып, оқу үй-жайларының терезе орналасқан жағында болмауы керек.
9. Көгалдандырудың ауданы учаске көлемiнiң кем дегенде 40 пайызын (бұдан әрi - %) құрауы керек. Егер учаскенi орман немесе бақтың жанында орналастырса, көгалдандыру ауданын 30 %-ға дейiн қысқартуға болады.
10. Қатты және сұйық тұрмыстық қалдықтарды жинау жүйесi, уақытша сақтау, оны жүйелi түрде шығаруды ұйымдастыру мен аумақты тазалау халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң (бұдан әрi - НҚА) талаптарына сәйкес келуi тиiс.
3. Ғимараттар мен негiзгi үй-жайларға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
11. Үй-жайлардың көлемiн орнату оқитындардың санына және тағайындалуына байланысты қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай болуы керек.
12. Аудиторияларды, оқу кабинеттердi, зертханаларды жертөледен жоғарғы қабаттарға орналастыру керек.
13. Ғимараттың жертөлесiнiң iрге қабаттарында киiм iлетiн үй-жайды, дәретханаларды, себезгi бөлменi, қойма, кiтап қоймаларын орналастыруға болады. Жертөле қабаттарында бойлерлiк, сорғышы бар су құбырлары мен канализацияны, желдеткiш камераларды, ауаны салқындатуға арналған камераларды, лифттердiң мәшине бөлiмдерiн орналастыруға болады.
14. Спорт және акт залдарын, кiтапханаларды, асханаларды оқу үй-жайларынан бөлек пайдаланыла алатындай етiп орналастыру керек. Асхана мен тамақ дайындайтын орын үшiн 1 қабаттан жеке орын қарастырылып, шаруашылық зонасына шығатын есiгi болуы керек.
15. Оқу үдерiсiнiң талаптарына сай бөлек оқу ғимараттарының арасында жылынатын өткелдердiң болуын қарастыру керек. IV климаттық ауданда орналасқан жоғары оқу орындарында жылынатын өткелдердi құру мiндет емес.
16. Оқытуға арналған үй-жайлар өндiрiстiк оқыту мастерскойларынан, спорт залдарынан, тағам дайындайтын орындарда бөлек болуы керек. Спорт залын оқу бөлмелерiнiң, әкiмшiлiк үй-жайларының, медициналық ұйымдардың үстiне орналастыруға болмайды.
17. Спорт залдарда себезгi бөлмесiмен дәретханасы бар 2 шешiнетiн бөлме, мұғалiмдерге арналған кабинет, спорттық керек-жарақтарды сақтайтын көлемi 18 м 2 кем емес бөлме қарастырылуы керек.
18. Үй-жайлар iшiнiң әрленуi олардың атқаратын мiндетiне сай орындалуы керек. Қабырғалардың, арақабырғалардың және төбенiң беттерi тегiс, ылғалды тазалау мен зарарсыздандыру жүргiзуге оңтайлы болуы керек.
19. Үй-жайлардың, ауа жүретiн жолдардың, желдеткiш жүйелердiң, сүзгiлердiң iшiн әрлеуге қолданылатын барлық материалдар пайдаланылуға белгiленген тәртiп бойынша босатылуы керек. Қабырғалар мен төбелердi әкпен немесе сулы эмульсиямен ақтау және түсқағазды пайдалану арқылы жабуға болмайды.
20. Iндетке қарсы және зарарсыздандыру режимiн қадағалауды талап етпейтiн үй-жайларға (вестибюлдер, дәлiздер, холлдар) аспалы төбелердi қолдануға болады және жинап тазалау жұмыстарын жүргiзе алатындай болуы керек.
21. Ылғалды жұмыс iстеу режимi бар үй-жайлардың төбелерi суға төзiмдi бояулармен боялып, қабырғалары глазурленген тақтайшалармен немесе басқа да ылғалға төзiмдi материалдармен төбеге дейiн қапталуы керек, едендердi қаптау үшiн су өткiзбейтiн материалдарды қолданады.
22. Химиялық, радиобелсендi заттармен және басқа да иондағыш сәуле көздерiмен жұмысы байланысты және жұмыс iстеу арнайы жағдайларды қажет ететiн зертханалардың үй-жайларын әрлеу қолданыстағы НҚА-ға сәйкес орындалуы керек.
23. Оқу үй-жайларындағы едендердiң жылу ұстайтын қасиеттерi (паркет, паркеттi тақтай, ағаштан жасалған, майлы бояумен сырланған) жоғары болуы керек. Еденнiң бетiне линолеум төсегенде олар тегiс, негiзiне тығыз жапсырылып, ойықсыз, жарықсыз, тесiксiз болуы керек. Линолеумнiң бiр-бiрiне жанасатын жерлерiнiң арасы мұқият дәнекерленуi керек. Қабырғаның тұсындағы линолеумнiң шеттерi қабырға мен еденнiң арасын бiрiктiретiн еденкемерiнiң астына келтiрiлуi керек. Вестибюлдердегi едендердi механикалық әсерге (мәр-мәр үгiтiндiсi, мәр-мәр, таскестелiк едендер) төзетiндей орнықты етiп жасау керек.
24. Раковиналарды және басқа санитарлық-техникалық құралдарды, сонымен бiрге қабырғалар мен арақабырғаларды ылғалдандыратын жабдықтарды пайдалану барысында еденнен биiктiгi 1,8 метр (бұдан әрi - м) және жабдықтар мен құралдардан әр жағынан 20 сантиметр (бұдан әрi - см) шығып тұратындай етiп, судан оқшаулағыш глазурленген тақтайшамен немесе ылғалға төзiмдi басқа материалдардан жасауды қарастыру керек.
25. Ғимараттың әрбiр қабатында және оның жеке бөлiктерiнде жасөспiрiмдер мен қыздарға, сондай-ақ мұғалiмдер мен қызметкерлерге арналған жеке дәретханалар қарастырылуы керек.
26. Оқу орындарының салалық бағытына қарай құрал-саймандарды, дайындық заттарын мастерскойға және дайын өнiмдерге керектi шикi заттары үшiн үй-жайлар қарастырылуы керек. Әрбiр мастерской арнайы жұмыс киiмдерiн сақтауға арналған шкафтармен және ыстық, суық сумен жабдықталған бақалшақпен жабдықталуы керек.
4. Сумен қамтамасыз етуге, канализация, жылыту,
желдету жүйелерiнде және жарықтандыруға қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
27. Оқу орындары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сай су құбырымен, канализация жүйесiмен, орталықтандырылған ыстық сумен, жылумен, желдету жүйесiмен (керек болғанда ауаны тоңазытатын жүйе қарастырылуы керек) қамтамасыз етiлуi керек.
28. Ғимараттар осы елдi мекенде жұмыс iстейтiн электр, телефон желiлерiне және басқа да инженерлiк коммуникацияларға қосылуы керек.
29. Оқу орындарында ыстық сумен қамту жүйесi iстен шыққан жағдайда немесе алдын ала жөндеу жұмыстарын жүргiзгенде буфеттер мен ас блоктарында резервтi (апат кезiнде) ыстық сумен қамту жүйесi қарастырылуы керек.
Зертханалық-техникалық және шаруашылық-тұрмыстық, медициналық қажетке және дәретханаға арналған үй-жайлар ыстық сумен қамтамасыз етiлуi керек.
30. Санитарлық-техникалық құралдар мен құрылғылар (крандар, раковиналар, унитаздар, писсуарлар) жөнделген қалыпта болып, дат немесе басқа да ластықтан тазартылып, жарықтары мен басқа да ақаулары болмауы керек. Дұрыс жұмыс iстемейтiн құралдарды ауыстыру қажет. Дәретханалар кабиналармен, iлгiштермен, қолды құрғатуға арналған құрылғымен, айналармен жабдықталуы керек.
31. Санитарлық құралдардың санын бiр құрал отыз адамға есебiнен алу керек. Ерлер дәретханаларындағы писсуарлардың саны унитаздардың санымен бiрдей болуы керек.
32. Барлық жылыту кезеңiнде үй-жайлардағы жылыту жүйелерi ауаның бiр қалыпты жылынуын қамтамасыз ету керек, пайдалану кезiнде бөлiнетiн зиянды заттармен немесе иiстермен ауаның ластануын болдырмауды қамтамасыз ете алатындай, рұқсат етiлген деңгейден аспайтын шу шығармауды реттейтiн құрылғылармен жабдықталуы қамтамасыз етiлiп, күнделiктi қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына ыңғайлы болуы керек.
33. Жылыту құралдарын сыртқы қабырғаларда, терезелердiң астында, қоршаусыз орналастыру керек. Спорт залдарында және зертханаларда жылыту құралдары әшекейлi тесiктерi бар торлармен қоршалуы керек. Бұл қоршаулар күнделiктi пайдалану кезiнде және құралдарды тазалауға баратын жол ыңғайлы болып, құралдардың беттерiн 15%-ке асыра көбейтпейтiндей етiп орналастыру керек.
34. Жылытудың орталықтандырылған жүйесiнде жылу тасығыш ретiнде жоғарғы температурасы 85 градус Цельсий болатын су пайдаланылады.
35. Жылыту, желдету мен ауаны салқындату жүйелерi микроклиматтың және үй-жайлардағы ауа ортасының тиiмдi жағдайларын қамтамасыз ету керек.
36. Барлық үй-жайларда желқағар ашылатын фрамугтер, терезе жармалары, сонымен бiрге желдеткiш каналдар арқылы желденетiн табиғи желдету қарастырылуы керек. Жұмыс iстеп тұрған желдеткiштер мен электр двигательдерiн реттеп, бөтен шу шығармайтын және дiрiл туғызбайтындай етiп жұмыс iстету керек.
37. Зерханаларда, өндiрiстiк оқыту мастерскойларында, аудиторияларда, курстық және дипломдық жобалау жұмыстарын жүргiзетiн залда, асханада, медициналық үй-жайларда және дәретханалар үшiн арнайы жеке сорып шығаратын желдету жүйесiн қарастыру керек.
38. Оқу орындарын үй-жайларындағы табиғи және жасанды жарықтандыру көздерiнiң беретiн жарығы қолданыстағы ҚНжЕ-нiң талаптарына сай болуы керек.
39. Барлық оқу үй-жайларында, зертханаларда, кiтапханаларда табиғи жарық көзi болуы керек. Сызу және сурет залдарындағы, информатика кабинеттерiндегi терезелердiң бағыты солтүстiкке, солтүстiк-шығысқа және солтүстiк батысқа қарау керек. Оқу және зертханалық үй-жайларды жобалау және онда жабдықтарды орналастыру кезiнде студенттердiң жұмыс орындарына жарық бүйiрден сол жағынан түсуiн қамтамасыз ету керек.
40. Жасанды жарық көзi үй-жайда атқарылатын қызметке қарай жарық мөлшерi жеткiлiктi, азайтылып көбейтiлетiндей және қауiпсiз болып, көздi қараттырмайтындай және басқа да жайсыз жағдайды тудырмауы керек. Жалпы жасанды жарық көзi барлық үй-жайларда қарастырылуы керек. Кейбiр функционалдық аумақтары және жұмыс орындары үшiн жергiлiктi жарық көзi болуы керек.
41. Табиғи жарық көзiнсiз жасанды жарық көздерi кiтап сақтау орындарында, акт залдарында, телестудияларда, сурет зертханаларында, рентген кабинеттерiнде, киiм iлетiн орындарында, себезгi бөлмелерiнде, дәретханаларда қарастырылады. Оқыту-зертханалық үй-жайларында басқа жарық көздерiнiң болуына қарамастан, кездейсоқ жағдайда пайдаланатын жарық көздерi қарастырылуы керек.
42. Үй-жайларда жасанды жарық көзi ретiнде люминесценттi және қыздыру шамдарын пайдаланады. Үй-жайларда қолданылатын төбеде орналасқан жарық көздерi жарықты барлық жаққа бiрдей шашырататын қақпақпен жабылуы керек.
43. Аралас жарық көздерiн пайдаланатын үй-жайда орындалатын жұмыс орындарында көру дәлдiгiн талап ететiн жұмыстар үшiн жарықтың қуаты 4000 люкстан (бұдан әрi - лк) кем болмауы керек.
44. Техникалық құралдарды пайдалану арқылы оқыту жұмыстары (бұдан әрi - ТҚП) жүргiзiлетiн кабинеттерде ТҚП-ны пайдалана отырып жазу жұмыстарын жүргiзуге мүмкiндiк болуы керек, жұмыс бетiне түсетiн жарық мөлшерi экран жарығынан кем болып, бiрақ жарық 300 лк кем болмауы керек.
45. Слесарлық шеберханаларға жарық жалпы жарық көздерi арқылы берiледi, мұндағы жұмыс орындарындағы жарық мөлшерi 500 лк кем болмауы керек. Өндiрiстiк шеберханаларда, арнайы технологияға арналған кабинеттерде жарық мөлшерi iстелетiн жұмыстың дәлдiгiне қарай, өнеркәсiп кәсiпорындарындағы жұмыс орнындағы жарық нормасының контрастық фонымен анықталады, ол бiрақ оқыту үй-жайларындағы жарықтан кем болмауы керек. Аралас жарық көздерiн пайдалануға болады.
46. Станоктарды жарықтандыру үшiн қолданыстағы НҚА-ның стандарты мен талаптарына сәйкес жарық көздердi пайдалану керек.
47. Сынып iшiндегi тақтаны жарықтандыратын шамды еденнен өлшегенде 2,2 м биiктiкте, сынып тақтасының 0,6 м биiктiк деңгейiнде паралельдi етiп қояды. Сынып тақтасына түсетiн жарық 500 лк кем болмауы керек.
5. Оқыту жағдайларына қойылатын
санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
48. Оқитындардың саны оқу орнын жобалайтын қуатынан аспауы керек. Аудиторияларды, оқу кабинеттердi, зертханаларды құрал-жабдықтармен жабдықтау олардың бейiмiн ескеретiндей және қауiпсiздiк техникасын сақтайтындай жүргiзiлу керек.
49. Оқыту кабинеттерiнде, зертханаларда қойылатын үстелдер мен орындықтар оқитындардың бойына қарай лайықтанып, қолданыстағы стандарттардың талаптарына сай болуы керек. Сүйенетiн арқасы жоқ скамейкалар мен табуреттердi және iстен шыққан жиhаздарды қолдануға болмайды.
50. Оқыту кабинеттерiнде және өндiрiстiк үй-жайларда құрал-жабдықтарды көру бұрышын сақтай отырып, 35 градустан (бұдан әрi - o ) кем емес орналастыру керек, ол үшiн:
1) аудиториядағы және кабинеттегi үстелдер мен парталардың енi 0,5 м, ұзындығы 0,6 м, биiктiгi 0,75 м болуы керек. Олардың арасындағы арақашықтық (жүрiп тұратын жол) 0,6 м кем болмауы керек;
2) сынып тақтасымен бiрiншi қатардағы үстелдердiң арасы 2,4-2,7 м болуы керек; қабырға арасында және қабырғаға қарсы орналасқан тақтаның немесе жанастырыла жасалған шкафтар мен соңғы парталардың арасы 0,7 м кем болмауы керек;
3) квадрат түрiнде немесе ұзыншалай орналасқан кабинеттерде жиhаз 4 қатар болып орналасуы қажет. Алдыңғы үстел мен сынып тақтасының арақашықтығы 3 м кем болмауы керек;
4) зертханаларда оқытуға керектi жиhаздардың ара қашықтығы 1,0 м болып, ал сызу кабинеттердегi сызу үстелдерiнiң арасы 0,7 м болуы керек;
5) шеберханалардағы құрал-жабдықтар жарық түсетiн қабырғаға перпендикулярлi орналасып, болмаса 35 o -45 o бұрыштай (станоктардың арасы 1,2 м, ал қатар арасы 0,8 м кем болмауы керек) орналасуы керек;
6) шеберханалар шуды аз шығаратын құралдармен жабдықталып, бұған қоса оларды орналастыру барысында рұқсат етiлген деңгейден аспайтындай етiп шу мен дiрiлдi азайтатын шараларды қарастыру қажет.
51. Сынып тақтасының мөлшерi мен конфигурациясы әртүрлi болуы мүмкiн: жылжымалы, ашылмалы, биiктiгi мен еңкеюi өзгеретiн. Сынып тақталарында бордың үгiндiсiн, сүртетiн шүберектi немесе сiңiргiш затты қоятын ернеу болуы керек.
52. Оқыту бөлмелерiнiң құрал-жабдықтары бейне дисплейлерiнiң терминалдары (бұдан әрi - БДТ) және дербес компьютерлердiң, (бұдан әрi - ДК) дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын орындар ҚНжЕ талабына сай болуы керек.
53. Оқу орындарының барлық үй-жайлары таза жағдайда ұсталынуы қажет. Жинау тазалау жұмыстары күн сайын, күрделi тазалау жұмыстры едендi, жарық көздерiнiң торларын, жиhаздарды, есiктердi жуғыш және зарарсыздандырғыш заттарды қолдану арқылы жетiсiне бiр рет жүргiзiлуi керек.
Дәретханалар мен жарық көздерiнiң торларын жууға оқитындарды пайдалануға болмайды.
54. Жинап тазалайтын материалдарға белгi салынып, арнайы шкафтарды немесе оларды сақтауға бөлiнген орында сақтау керек.
55. Оқу орындарында сабақ берудi екi ауысымды жүргiзуге болады және кестенi жасағанда топтардың санын, аудиториялық қорды, пәндердiң еңбекқорлықты талап ету деңгейiн және ағзалардың физиологиялық ерекшелiктерiн еске ала отырып сабақ кестесiмен реттелiнедi. Аса интенсивтiк сабақтар жұмыс қабiлеттiлiгiнiң жоғары кезеңiне келу керек.
56. Сабақ кестесiн жасағанда аудиториядан тыс өзбетiмен iстелiнетiн жұмыс күн сайын дұрыс бөлiнiп, оқитындардың оқу жүктемесiн бiртiндеп көбейтiп, еңбек етудiң қолайлы және тиiмдi түрi пайдаланылады, және бiрiнен соң бiрi жалғасатын екi дәрiстi өткiзетiндей етiп жасауға болмайды.
57. Жетiсiне 4 сағаттан кем емес денешынықтыру сабақтарын жетiнiң кез келген күндерi өткiзуге болады. Жетiсiне екi рет болатын дене шынықтыру сабақтарын екi күн бойы күн сайын өткiзуге болмайды. Денешықтыру сабақтарын оқу күнiнiң соңында өткiзген дұрыс.
58. Сабақ кестесiн жасағанда бiр семестрге бiрақ жасаған дұрыс. Оқу үдерiсi күнi бойы үзiлмей оқу жетiсiнiң iшiнде бiркелкi болып бөлiнуi керек.
59. Шектен тыс шаршауды болдырмау үшiн мынандай шараларды мiндеттi түрде iске асыру керек:
1) БДТ және ДК-мен жұмыс iстегенде әрбiр 20-25 минут сайын көзге арналған жаттығулар жүргiзу;
2) оқу үдерiсiне қарамай әрбiр академиялық сағаттан кейiн ұзақтығы кем дегенде 15 минут үзiлiс жасау;
3) БДТ және ДК-мен нормаланған уақыт жұмыс iстеудi қамтамасыз ету мақсатында БДТ және ДК-ге таймер қосу немесе видеомонитор экрандарында ақпараттардың көрiнуiн орталықтандырылған түрде өшiрiлуi;
4) үзiлiс кезiнде оқитындарды үй-жайлардан шығарып, желдетудi ағынды түрде жүргiзу;
5) үзiлiс кезiнде дене шынықтыра