12
сентябрь
2019
"Отбасы- бақыт мекені"
"Отбасы- бақыт мекені" тақырыбында 9-сынып оқушылар арасында сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана. Сол себепті аталған іс-шараға ата-аналар да белсене қатысып, оқушыларға жақсы тілектерін арнады. Іс -шара барысында ата-аналармен "Жанұя" тренингі ойнатылды. Оқушылар ойларын ортаға салып, ата-аналарына, отбасына арнаған жыр-шумақтарын оқыды. Оқушылар дөңгелек үстел барысында отбасы жөнінде құнды мәліметтер алды. 









