21
октябрь
2020
"Домбыраны сыйға тарт" атты акциясы ұйымдастырылды
Мектеп-гимназиямызда ата дәстүрді, ұлттық өнерді насихаттап, оқушыларды халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны шертуге үйрету мақсатында "Бозінген" домбыра үйірме сабақтары өткізіледі. Осыған орай ата-аналар мен мектеп ұстаздары арасынынан демеушілерді тарта отырып, "Домбыраны сыйға тарт" атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияға мектеп-гимназия ата-аналары мен ұстаздары белсене қатысып, мектеп-гимназияға бірнеше домбыра тарту етті. Сіздерге алғысымызды білдіреміз!


