01
сентябрь
2020
Амалов Лесбек Сәрсенбекұлы келіп, кезекші сынып оқушыларымен кездесті
№30 мектеп-гимназиясына 1 қыркүйек "Білім күні" мерекесіне орай Облыстық мәдениет басқармасының басшысының орынбасары Амалов Лесбек Сәрсенбекұлы келіп, кезекші сынып оқушыларымен "Достық - біздің тірегіміз" атты сынып сағатына және ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізілген "Бірлік пен келісім" атты сынып сағаттарына қатысты. Сынып сағаты барысында Лесбек Сәрсенбекұлы оқушылармен сұхбаттаса отырып, ізгі тілектерін білдірді. Сонымен қатар мектеп-гимназия ғимаратын тамашалап, "Шахмат", "Coworking" орталығы т.б. танысты.










