10
февраль
2020
"Мен оқыған кітап" байқауы 9, 10 сыныптар арасында
10.02.20ж. күні 30 мектеп - гимназиясында "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы негізінде "25ән, 25 кітап" жобасы аясында "Мен оқыған кітап" тақырыбында 9, 10 сыныптар арасында оқушылардың оқыған кітаптары бойынша байқау өткізілді. Оқушыларға қазақ әдебиетінің және әлем классикасының аса құнды шығармаларын оқуға тапсырма берілді. Оқушылар оқыған кітаптары бойынша көрініс қойып, видеороликтер түсіріп, монолог оқып, өз шеберліктерімен әр туындының рухани маңыздылығын жеткізе білді.


